Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымыздың тырнақалды туындысы": Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірге фильмге түсіп жатыр

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов ұлымен
Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов ұлымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал актриса Айгүл Иманбаева мен оның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов бүгінде бір фильмге түсіп жатыр. Қос жұлдыз ұлы Асылжан Әбдімүтәлиевтің алғашқы толық метрлі туындысына өз үлесін қоспақ ниетте, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана Англиядан елге оралған Айгүл Иманбаева бірден шығармашылыққа білек сыбана кіріскен. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында ұлы Асылжанның алғашқы толық метрлі киносына түсіп, оған продюсерлік етіп жатқанын айтты.

"Менің продюссерлігіммен ұлым Асылжан режиссердің, еліміздегі абсурдтық комедия жанрындағы ең алғашқы туындының түсірілімі ресми түрде басталды", - деп жазды Иманбаева.

Оған қоса аталмыш фильмге актрисаның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов та түсіп жатқаны белгілі болды.

"Балам алғашқы толықметрлі комедиясын, әкесінің "Көке" пьесасының желісімен түсіріп бастады. Алла жар болсын", - деп жазды актер.

Айта кетейік, Асылжан Әбдімүтәлиевтің "Көке" атты киносына жұлдызды ата-анасынан бөлек Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дулыға Ақмолда секілді танымал актерлар түсіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136573-ulymyzdyng-algashqy-tolyq-metri-aigul-imanbaeva-buryngy-kuieuimen-bir-filmge-tusip-zhatyr/