Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғарышпен байланысым бар": туған жерінде жүрген Төреғали өзі жайлы ерекше жайтты айтты

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі. Фото
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі туған жері Байқоңырға барып, көпшілікке туып-өскен мекенін таныстырды. Балалық шағы зымырандар ұшатын жерде өткен өнер иесі өзі туралы қызықты жайтты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі туған жері Байқоңыр туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. "Ұлы дала баласы" қала көшелерін аралап, туып-өскен жерін оқырмандарына көрсеткен.

Өнер иесі желі қолданушылары үшін арнайы видео түсірген.

"Байқоңыр - ғарыш тарихы басталған жер. Өзімнің туған жеріммен кішігірім таныстырып жіберейін. Байқоңырдың жердің кіндігі деп атап жатады. Зымырандар сәтті ұшқан. Осы жерде туғаннан кейін менің де ғарышпен байланысым бар сияқты. Бекерден бекер өнер адамы болмадық қой. Осы жерде жүріп, қазақша ән айтып өстік. Осында айтысқа қатысып жүрдік", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136591-garyshpen-bailanysym-bar-tugan-zherinde-zhurgen-toregali-ozi-zhaily-erekshe-zhaitty-aitty/