Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала-шағам қиналмасын" деді": Айдарбекова ұлы қамауда отырғанда отбасына қалай көмектескенін айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас ұлымен
Қайрат Нұртас ұлымен. Фото: instagram.com/kair_n

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Қайрат Нұртастың балаларымен түскен видеосын жариялады. Өнер иесінің анасы немерелері бұл жағдайға қатты уайымдап, әкелерінің бостандыққа шыққанын күтіп жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекованың айтуынша, немерелері бүгінде әкесін қатты сағынып жүр. Продюсер ұлы қамауда отырғанда да отбасы үшін уайымдап, оларға көмектескенін айтты.

"Сезім мен Алау қыздарым, папаларын уайымдап, "апа біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз" деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған шығар. Қашанда армандарын орындау - бар мақсаты. Кім қай жақты қалады бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті. Ана жақта отырса да, "не сұраса да салып отырсыншы" деп "бала-шағам қиналып қалмасын" деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайыдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, менде солай жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама, Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Сонымен қатар Айдарбекова қатты уайымдағанда ұлының айтқан сөздерін еске алды.

"Қайрат маған кейде, түнімен ұйықтамай уайымдап отырған мені көріп, анашым мені қатты жақсы көрмеңізші дейтін. Қашанда түзде жүрген соң уайымсыз күнім болмайды ғой. Бірақ та жүрегіңе Алланы салып, сол Аллаға амандығын тапсыруымыз керек екенін біліп тұрып, қатты жақсы көретінімізді байқамай қаламыз. Ана баласын қатты жақсы көрсе сол баласымен сынайды. Ал ұл-қыздарың өмірлік жарын қатты жақсы көрсе, сүйіктісімен сынайды деген. Қандай сынақ берсе де жеңілдігімен берсін деп тілейік! Алла бұйыртса құлынымның құлыншақтары шексіз қуанатын күндері көп болсын", - деп жазды продюсер Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136654-bala-shagam-qinalmasyn-dedi-aidarbekova-uly-qamauda-otyrganda-otbasyna-qalai-komekteskenin-aitty/