Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 жыл енесімен тұрды": Ләйлә Сұлтанқызы анасына қатысты ел білмейтін ақпарат айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
Ләйлә Сұлтанқызы анасымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасына қатысты ел білмейтін ақпарат айтты. Ол құрбысына айналған жақыны туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, соңғы уақытта анасымен жақындығы көпшілікке қатты байқалып жүр. Тіпті, Қарақат Әбілдина "Жақсы адамдарым" бағдарламасында осы туралы сұраған екен.

"Менің анам 40 жыл енесімен тұрып, сол кісіге қызмет етіп, адал еңбекпен батасын алған келін деп сенімді түрде айта аламын. Әйтпесе әжем оңай кісі емес еді. Мінезді, шыншыл, адуынды болғаны сонша, кез келген адам шыдай бермейтін.

Дишинкамның арқасында әжеге, әкеге деген құрметті, сыйластықты көріп өстік. Соған қатты қуанамын. Кез келген отбасылық мәселе сыртқа шықпай, екеуара шешілетін. Айғай-шу тұрмақ, ешқайсысының қатты дауысын естімедік. Егер есіктері жабық тұрса, автоматты түрде мазалауға болмайды деп түсіндік. Сол тәрбие кейін өз отбасымда да жалғасын тапты.

Бұрын анама көп нәрсе айтқым келмейтін, уайымдамасын деп... Қазір құрбымыз. Енесіне ұқсаған менің "кейде әдемі" мінезіме арасында басымнан сипап, күліп қана қояды.

Кімге Құдай қанша ғұмыр бергенін білмейміз, әкем, бауырым, жарым көрсете алмаған бар жақсыны, бар байлықты, бар ғажапты қазір анама көрсеткім, сыйлағым келеді. Бүгінгі үлкен арманым осы", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136693-40-zhyl-enesimen-turdy-laila-sultanqyzy-anasyna-qatysty-el-bilmeitin-aqparat-aitty/