Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"14 жыл біргеміз": Аиша күйеуі Бүркіттің туған күнінде жүрекжарды жазба жариялады (видео)

Жарияланған күні:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық эстрада жұлдызы Айбек Жансейітовтің жұбайы Аиша (Виктория Жансейітова) күйеуінің туған күніне орай жүрекжарды жазба жариялады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында Бүркіттің адами қасиеттеріне тоқталып, ақ тілегін жаудырды.

Аиша өз сөзінде Бүркіттің туған күнін 14 жыл бойы бірге тойлап келе жатқанын түртіп өтті.

"Құрметті менің күйеуім. 14 жыл бойы сенің туған күніңді бірге тойлап келеміз. Осы уақытқа дейін бір-бірімізге айтарлықтай жақын жандарға айналдық. Әр жыл сайын бір-бірімізге жақындай түскенімізге қуанамын. Біз барлық мәселені бірге шешіп, бірге қуануға тырысамыз. Жалпы бірге көп дүние жасаймыз.

Мен осының барлығы үшін саған рақмет айтамын. Сенің барыңа шүкір айтамын, өйткені мен сенен көп дүние үйрендім. Өзімде жоқ жақсы қасиеттерді сенен байқадым. Соның арқасында қазір жауапты әрі мейірімді, жақсы адам болуды үйреніп келемін. Мен әрдайым сенің қасыңдамын. Мен әрдайым сені қолдаймын, сені сүйемін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136825-14-zhyl-birgemiz-aisha-kuieui-burkitting-tugan-kuninde-zhurekzhardy-zhazba-zhariialady-video/