Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреуі Кореяда, екіншісі Түркияда": Төреғали Төреәлінің қарындастары шетелде қалай демалып жатыр

Жарияланған күні:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындастары Фариза мен Дина бүгінде шетелде саяхаттап жүр. Блогер арулар отбасылық демалысты әр түрлі елде өткізіп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саяхаттауды жаны сүйетін Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев бұл жолы Кореяға ат басын бұрған. Жұлдызды жұп бұл сапарға 8 айлық қызы Дараны да алып барды.

Айта кетерлігі блогердің жолдасы Дархан Нортаев бұл саяхатты келіншегіне тосынсый етіп сыйлаған. Спортшы алдын ала Кореяға виза жасатып, билет сатып алған.

"Бүгінгі күнімді анашыммен өткізгенмін. Анам екеуміз демалып, жақсы уақыт өткіздік. Ал Дархан Дара екеуі жұмыстарын бітіріп, қыдырыпты. Мені алып кетуге келіп осындай тосынсый жасады. Менің бала арманымдағы елге виза жасатып, тіпті билет алып қойыпты", - деп қуанышын жеткізген еді Фариза Төреәлі Instagram-дағы парақшасында.

Арманы орындалған блогер ару бүгінде отбасымен Сеул қаласының әсем жерлерін аралап, желіде көпшілікпен алған әсерімен бөлісті.

"Әдемі көшелер, дәмді тағамдар, эсетикалық түрлі кофейнялар, өздеріне қатты мән беретін стильді тұрғындар, биік ғимараттар, тарихи жерлер.. бізге ұнап жатыр. Қазір Сеулде ауа райы ылғалды, ыстықтау. Баланы қатты жақсы көреді екен, тіпті тоқтай қалып Дарамен ойнап кетеді. Бізге осындай белсенді демалыс ұнайды, түрлі жерді аралап, көзбен көріп, дәстүрімен таныс болу өте қызық. Әсіресе тағамдары ұнайды, халал ресторандарын тауып алдық. Даратайға да ұнауда", - деп жазды ол.

Ал Дина Төрелі отбасымен Түркия елінде демалып жатыр. "Ұлы дала баласының" бұл қарындасы да сапарға ұлын алып барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136840-bireui-koreiada-bireui-turkiiada-toregali-torealining-qaryndastary-shetelde-qalai-demalyp-zhatyr/