Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді піл бағыңыз": түйеқұс асыраған Өмірқұл Айниязов желіде қызу талқыға қалды

Жарияланған күні:

Өмірқұл Айниязов ұлымен аулада
Өмірқұл Айниязов ұлымен аулада. Видеодан кадр: Instagram/omirkul_ainiyazov

Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов үйінде түйеқұс асырап жатқанын айтып, қалың көпшілікті таңғалдырды. Желідегілер өнер иесінің бұл әрекетін қызу талқылап, екі түрлі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айнизяов Instagram-дағы парақшасында аулада жүрген түйеқұстардың видеосын жариялап, көпшіліктің көмегіне жүгінді. Шоу-бизнес жұлдызы халықтан түйеқұстарға қандай ат қоюға болатынын сұрады.

Сонымен қатар тағы бір бейнежазбада әнші ұлына түйеқұстарды көрсетіп жүргенін көруге болады.

"Фазендаға енді бір арыстан алу қалды. Түйеқұстарға қандай ат қойса болады", - деген жазба қалдырды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің түйеқұстарды асырау шешімін қыз талқылап, түрлі пікір білдірді. Бірі Айниязовты қолдаса, енді бірі асқан мақтаншақтығы үшін сынға алған.

"Еріккен деген осы екен", "Аға сіз зоопарк ашсаңызшы", "Не істерін білмей отырған қазақ осылай болады мақтаншақтық деуге болады", "Қандай күшті. Элвис пен Эмма деп қойыңыз аттарын", "Талғамы ерекше деп осындай кісілерді айту керек", "Балаларыңызға зоопаркке барып керек емес" , "Еңбегіңіз табысты, табысыңыз берекелі болсын", "Осыларды не істейсіз?", "Өмірқұл балам! Бұл құстарды бизнес жасауға алдың ба? Ондай болса бір жөн. Ал мақтан үшін алып, далада еркін жүгіріп үйренген құсты тар жерге қамап қойғаның қалай балар екен? Əр нəрсенің киесі бар", "Енді піл алып бағыңыз", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136978-endi-pil-bagyngyz-tuiequs-asyragan-omirqul-ainiiazov-zhelide-qyzu-talqyga-qaldy/