Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"6 жыл іріктеуден өте алмадым": "Славян базары" байқауының жүлдегері туралы тың дерек шықты (видео)

Жарияланған күні:

Ерназар Жұбан
Ерназар Жұбан. Фото: instagram.com/ yernazar.music

"Славян базары" байқауында бірінші орын иеленген әнші Ерназар Жұбан өзіне қатысты ел білмейтін ақпарат айтты. Ол "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында өзіне қолдау көрсеткен жандардың көп екенін жеткізді.

"Славян базары" байқауының жүлдегері байқауға алты жыл дайындалған.

"Ешқайда бұрылып кетпей, алты жыл күтудің өзі оңай емес. Жыл сайын іріктеуге қатысып, өтпей қаламын. "Енді қатыспаймын" деп ренжимін де, келесі жылы ойым өзгеріп қалады. Алты жыл уақытым солай өтті", - деді ол.

Осы ретте Ерназар Жұбан өзіне қолдау көрсетіп, құттықтап жатқан жандар көп екенін де жасырған жоқ.

"Хабарламалар өте көп. Әлі оқып үлгермей жатырмын. Ең бірінші ата-анам, отбасым құттықтады. Басқа адамдар құттықтаса да, тек сол өз отбасымның хабарламасын оқып, жауап беріп үлгердім", - деді өнер иесі.

Одан бөлек аталған байқауда әділқазылар алқасын халық әртісі Роза Рымбаева басқарғаны белгілі болды.

"Роза Қуанышқызы әділқазы болатынын естігенде қуандым, бір жағынан қорқыныш та болды. Өзімді дұрыс көрсетпесем қалай болады деген ой келді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137050-6-zhyl-irikteuden-ote-almadym-slavian-bazary-baiqauynyng-zhuldegeri-turaly-tyng-derek-shyqty-video/