Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында биология пәнінің мұғаліміне әлемдік жұлдыздан бірігіп ән жазу жөнінде ұсыныс түсті

Жарияланған күні:

Ерқанат Садуханов
Ерқанат Садуханов. Фото: instagram.com/abai_oblysynyn_akimdigi

Абай ауданының мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ерқанат Садуханов желіде Eraholic лақап атымен танылған. Жақында оған әлемге әйгілі испан әншісі Rosaliaдан бірігіп жаңа ән жазу жөнінде ұсыныс түскен. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Eraholic бұған дейін танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген. Енді ол өз қабілетін тағы шыңдап, өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Оның айтуынша, әнші өзі ұсыныс айтып байланысқа шыққаннан кейін бірге жұмыс істеуге келіскен.

Болашақ туынды Қазақстанда танымал болып келе жатқан реггетон стилінде латын мотивтерінде жазылады. Сонымен қатар Ерқанат қазір басқа да ірі шетелдік әртістермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ол, әсіресе, жас әртістермен бірге жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, Ерқанат Садуханов мектепте биология пәнінің мұғалімі, 7-10 сыныптарда сабақ береді. 10 жылдан бері әндерге аранжировка жасаумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137209-abai-oblysynda-biologiia-panining-mugalimi-alemdik-zhuldyz-rosaliamen-birigip-an-zhazbaq/