Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір өліп, бір тірілдік": Ләйлә Сұлтанқызы ұшаққа отырған ұлының қандай қиындыққа тап болғанын айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен
Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы баласы мінген Flyarystan ұшағы ауа райына байланысты Алматыны 2-3 рет айналып, қона алмай кеткенін айтты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

"Кеше ұлым Дишинка апамен бірге сағат 13.00-де Скаттың рейсімен Астанадан Алматыға ұшу керек еді. Рейс қайта-қайта шегеріле берді, қандай да бір себептерге байланысты шығар, білмеймін. Сосын сағат 17.00-де балам Flyarystan ұшағына отырып, 18.30-19.00 шамасында қону керек болатын. 19-00-ден бастап балама звондаймын, телефоны өшірулі болды", - дейді отандық тележүргізуші.

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Стористен скриншот: instagram.com/sultankyzy

"19.00-20.00 болды, бір уақытта, 21.00-ге таман ғой деймін, баламнан хабарлама келіп тұр: "Анашым, біз Түркістанға қондық. Алматының ауа райына байланысты. Флай экстренно Түркістанға қарай ұшып кетті" деген. Ойбай, енді не болады, 22.00-дегі рейстің күйетіні бар, бұл қалай болады, баланың қорыққаны бар.

Екі-үш рет Алматының үстінен айналып, ұшақ қона алмаған. Себебі кеше Алматыда жаңбыр болды, жел болды. Қасында отырған Жанәбілов Ера тіпті қоштасу видеосын жазған. Оны балам айтқанда тіпті қорықтым. "Анашым, бар білетін 2-3 дұғамды оқыдым. Қайта-қайта оқыдым", - дейді.

Таңертең тұра сала мал садақа, мешітке садақа беріп, Құран оқыттым, апаны шайға шақырдым. Аман болайық!" - деді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137419-balamen-synamasyn-laila-sultanqyzy-uly-mingen-ushaqtyng-qona-almaganyna-qatty-uaiymdaganyn-aitty/