Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі келіншегімен
Төреғали Төреәлі келіншегімен. Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды. Жұлдызды отбасы анасы мен баласын ерекше тосынсый жасап, күтіп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әдетте перзентханаға мерекелік шоу-программа ұйымдастырып баратын Төреғали Төреәлі бұл жолы бір өзі ғана барған. Әнші алтыншы перзентін "тыныш қана шығарып алғысы" келгенін айтты.

Алайда жұлдызды жанұя үйде анасы мен баласын тағатсыздана күтіп отырған. Олар отбасының жаңа мүшесінің құрметіне ерекше тосынсый жасаған. Төреғалидің ата-анасы үйді шарлармен безендіріп, келіні Толқынды қатты қуантқан.

"ТөреАхмет батырым, отбасымызға қош келдің", - деп жазды әншінің әкесі.

Төреәлі Төлепов немересін қалай күтіп алғанын Instagram-дағы парақшасында көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137647-toregali-toreali-kelinshegi-men-ulyn-perzenthanadan-shygaryp-aldy-video/