Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пранк па": Мадина Cәдуақасова Нұрлан Қоянбаевтың туған күні қалай өткенін көрсетті

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова мен Нұрлан Қоянбаев
Мадина Сәдуақасова мен Нұрлан Қоянбаев. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әзілкеш әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев 45 жасын ерекше атап өтті. Өнер иесінің туған күн кеші қалай өткенін эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова өнердегі әріптесті Нұрлан Қоянбаевтың туған күніне барып, оны арнайы құттықтап қайтқан. Шоу-бизнес жұлдызы ерекше форматта өткен отырыстың видеосын 2 күн күтіп, оны алған бойда Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Алайда бейнежазбада Қоянбаевтың туған күнінен тек үзінді ғана бар болып шықты. Әншінің сөзінше, аталмыш видеоны кинопродюсердің мобилографы түсірген.

Бейнежазбада Мадина Сәдуақасова, Нұрлан Қоянбаев пен Жан Байжанбаевты көруге болады. Өнер иесінің өзі видеоның дұрыс түсірілмегеніне таңғалған.

"Нұрлан Қоянбаевтың туған күнінен 2 күн күткен видео. Мобилографы өзінікі! Түсінбедім, бұл пранк па? Кім біледі", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137665-prank-pa-madina-caduaqasova-nurlan-qoianbaevtyng-tugan-kuni-qalai-otkenin-korsetti/