Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 жыл енесіне қызмет еткен": Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы ел білмейтін жайтты айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде анасымен қарым-қатынасы туралы сыр шертті. Ақпарат өкілі бұған дейін анасымен қатты жақын болмағанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында анасы туралы жазба жариялап, отбасындағы тәрбиесі туралы сыр шертті.

Тележүргізушінің сөзінше, анасы 40 жыл енесімен тұрып, сол кісіге қызмет еткен адам.

"Менің анам 40 жыл енесімен тұрып, сол кісіге қызмет етіп, адал еңбекпен батасын алған келін деп сенімді түрде айта аламын. Әйтпесе әжем оңай кісі емес еді. Мінезді, шыншыл, адуынды болғаны сонша, кез келген адам шыдай бермейтін.

Дишинкамның арқасында әжеге, әкеге деген құрметті, сыйластықты көріп өстік. Соған қатты қуанамын. Кез келген отбасылық мәселе, сыртқа шықпай, екеуара шешілетін. Айғай-шу тұрмақ, ешқайсының қатты дауысын естімедік. Егер есіктері жабық тұрса, "на автомате" мазалауға болмайды деп түсіндік. Сол "на автомате" дейтін тәрбие кейін өз отбасымда да жалғасын тапты", - деп жазды Сұлтанқызы.

Ақпарат өкілі анасымен қарым-қатынасы туралы сыр шертіп, ең үлкен арманы қандай екенін айтты.

"Бұрын анама көп нәрсе айтқым келмейтін, уайымдамасын деп... Қазір құрбымыз. Енесіне ұқсаған менің "кейде әдемі" мінезіме арасында басымнан сипап, күліп қана қояды. Кімге құдай қанша ғұмыр бергенін білмейміз. Әкеме, бауырыма, жарыма көрсете алмаған бар жақсыны, бар байлықты, бар ғажапты қазір анама көрсеткім, сыйлағым келеді. Бүгінгі үлкен арманым осы", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137701-40-zhyl-enesine-qyzmet-etken-laila-sultanqyzy-anasy-turaly-el-bilmeitin-zhaitty-aitty/