Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақованың күйеуін көлік қағып кетті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстанды көлік қағып кетті. Желі жұлдызы жол-көлік оқиғасының мән-жайын Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова күйеуіне қатысты оқыс оқиға туралы бірден оқырмандарына айтып берді. Блогердің сөзінше, көлік жүргізушісі ұялы телефонына қарап келе жатып, жаяу жүріншілер жолағындағы адамды байқамай қалған.

Желі жұлдызы желіде жолдасы үшін алаңдаған көпшілікпен байланысқа шығып, оның қазіргі жағдайын бөлісті. Белгілі болғандай, Нұрбек Арыстан жол-көлік оқиғасының қатты жарақат алмаған. Байзақованың сөзінше, керісінше бұл оқиғада көлік көбірек зардап шеккен.

"Нұрбекті жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. Көлік жүргізушісі телефонға қарап келе жатқан. Нұрбек көлікті зақымдаған. Жолдасым кішігірім жарақат алыпты. Көлік жүргізушісін кешіре салған. Енді үйге түк болмағандай келіп тұр. Күйеуімді көлік қаққан сияқты еді. Бірақ жолдасымның орнына көлік зақымданған.

Бәрі жақсы, шүкір. Бірақ бұл да бір белгі деп қабылдайық. Жаяу жүргіншілер жолағында абай болып, көлік жүргізгенде телефонға қарамаңыздар. Нұрбек пен жүргізушінің жолы болды. Десе де екеуіне де үлкен сабақ болды", - деп жазды Айжан Байзақова.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137764-aizhan-baizaqovanyng-kuieuin-kolik-qagyp-ketti-foto-video/