Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсуат халқы Ринат Зайытовқа жаңа көлік мінгізді (видео)

Жарияланған күні:

Ринат Зайытовқа көлік мінгізді
Ринат Зайытовқа көлік мінгізді. Видеодан кадр: Instagram/rinat_zaitov_resmi

"Асыл бесік - Ақсуат" спорт және өнер фестивалінде Ақсуат халқы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа ерекше құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ринат Зайытов Instagram-дағы парақшасында темір тұлпарды тарту еткен сәтінен видео жариялап, қуанышын көпшілікпен бөліскен.

Айтыскер ақын халықтан мұндай сыйды мүлдем күтпеген. Бейнежазбада Зайытов жаңа көлігін жүргізіп, артынан жиналған жұртшылыққа қайта-қайта бас иіп, алғысын айтқанын көруге болады. Оған қоса депутат біреуге өзінің үстіндегі киімін сыйға тартқан.

Ринат Зайытовқа көрсетілген ерекше құрмет туралы белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей де жазды.

"Асыл бесік - Ақсуат" спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137782-aqsuat-halqy-rinat-zaiytovqa-zhanga-kolik-mingizdi-video/