Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге мас күйде шығарады": Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті (видео)

Жарияланған күні:

Argonya
Argonya. Фото: instagram.com/ argonyaa

Әлеуметтік желіде Argonya лақап атымен танымал әнші Арғын Аусаровтың сахнада сөйлей алмай тұрған сәтінен видео тарады. Көпшілік эстрада жұлдызы өнер көрсетуге алкогольдік масаң күйде шықты деп топшылап жатыр.

Видеода Argonya көпшілікті қандай да бір мерекемен құттықтайды. Артынша ол өзге тілде сөйлеп, "Сені сүйем" әнін қойып беруді сұрайды. Дегенмен өнер иесінің сөзі анық естілмейді.

Мұны көрген көпшілік Argonya сахнаға алкогольдік масаң күйде шықты деп топшылап жатыр. Олар сахна мәдениетін сақтамайтын әншілерге наразылық білдіруде.

"Ұйымдастырушылар қайда қарап отыр? Неге мас күйінде сахнаға шығарады?", "Киелі сахнаның қадірі кетті", "Мынау не сұмдық?", "Халықты неге сыйламайды?", "Кезек келіпті ғой", - деп жазды жұрт.

Видеоның қашан және қай өңірде түсірілгені белгісіз. Ал TikTok желісіндегі жұрт аталған концерттің Екібастұз қаласында өткенін жазып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137827-nege-mas-kuide-shygarady-argonya-nyng-sahnadagy-areketi-zhelide-qyzu-talqyga-tusti-video/