Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Кентай су жаңа көлік сатып алғанын айтып, сүйінші сұрады (фото)

Жарияланған күні:

instagram.com/ danakentai
Дана Кентай. Фото: Дана Кентай

Отандық эстрада жұлдызы Дана Кентай су жаңа көлік сатып алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Ол қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Дана Кентай көлікті сатып алған сәтінен фото-видео жариялады.

"Соңғы жаңалық осы. Барша оқырмандарыма жұғысты болсын. Бүгін мейірімдімін", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік эстрада жұлдызына ақ тілегін жаудырды.

"Құтты болсын", "Өзің мініп, өзің тоздыр", "Тұлпарың құтты болсын", "Әрқашан ақ жол болсын", "Тек жақсы жерлерге жеткізсін", "Жарайсың"- деді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138007-dana-kentai-su-zhanga-kolik-satyp-alganyn-aityp-suiinshi-surady-foto/