Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сағынып қалыпты": дүкеннің ашылуына келген Қайрат Нұртасты тыңдармандары қаумалап алды (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: instagram.com/ gulziraaidarbekova

Жақында бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас Астана қаласындағы інісінің дүкеніне барды. Ашылу салтанатына қатысқан әншіні тыңдармандары қаумалап, жол бермей қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда әншімен бетпе-бет кездесуге жүздеген адамның келгенін аңғаруға болады. Олар эстрада жұлдызының ғимаратқа кіруіне кедергі келтіріп, суретке түсуге асығады.

"Шын жүректен қолдап, мен үшін дұға тілеген баршаңызға көп-көп рақмет. Отбасыларыңызға береке берсін", - дейді Қайраттың өзі видеода.

"Кім қалай еңбек етсе де, абыройымен болсын. Ең бастысы, таза, қара тер еңбегіңмен адал нанын табу барша жастарға алға қойылған мақсат болсын! Бай-қуатты болайық!", -деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Мұны көрген көпшілік Қайрат Нұртасқа ақ тілегін жаудырды. Желі оқырмандары өнер иесін сыйлайтынын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

"Қайратта бәрі сағынып қалыпты", "Қайратты жақсы көретін халқымнан айналдым", "Кім не десе де, Қайрат мықты", "Қазақтың біртуар азаматы", "Өз балама тілегенімді Қайратқа да тілеймін", - деді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138070-sagynyp-qalypty-dukenning-ashyluyna-kelgen-qairat-nurtasty-tyngdarmandary-qaumalap-aldy-video/