Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей немерелі болды

Жарияланған күні:

Абай Бегей отбасымен
Абай Бегей отбасымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Отандық эстрада жұлдызы Абай Бегей немерелі болды. Бұл туралы әншінің қызы Ерке Ниязқұлова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Шамамен осымен бір жыл бұрын інісін үйлендірген Ерке Ниязқұлова қуанышты жаңалығын айтып, сүйінші сұрады.

"Аллаға сансыз шүкір. Келінім аман-есен бөпесін бауырына басып, жеңілдеп, мәз болып жатыр. Босанамын дегенше апаның жарыс қазаны да пісіп, перзентханаға әкеліп берді. Дәл қазір жас ананы сорпалап отырмын", - деді ол.

Абай Бегейдің келіні Бадинұр Аңсат та желіде жазба жариялауды ұмытқан жоқ.

"Аллаға сансыз шүкір. Тар құрсағымды кеңейтіп, ана деген ең үлкен мәртебені берген қызым, жарық өмірге қош келдің. Алланың маңдайымызға жазған бақыты, атасы мен әжесінің алғашқы немересі, ел болып күткен жаным, қызым. Өзіңді көріп, қуаныштан сөйлей алмай отырмын", - деді ол.

Айта кетейік, Абай Бегейдің ұлы Жалғас өткен жылы күзде шаңырақ көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138109-abai-begei-nemereli-boldy/