Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жылдан бері араласпайды": Мөлдір Әуелбекова мен Жасұлан Базарбаевтың ұрысып қалғаны рас па

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесі біреудің көлігіне отырғысы келмей, ол адаммен бірге бармайтынын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялап қойған. Онда Әділет Байнашев есімді той ұйымдастырушысы әншіні бір көлікке қарай ертіп келе жатқанын көруге болады.

Алайда өнер иесі автода кімнің отырғанын көріп, бірден оған отырудан бас тартады. Белгілі болғандай, Әуелбекова "Диета.KZ" тобының мүшесі Жасұлан Базарбаевпен бір көлікке отырғысы келмей қалған.

Әділет Байнашев видеодағы жағдайды көпшілікке өзі түсіндіріп берді. Сөзінше, қос әртіс ұрысып қалып, бір жылдан бері араласпай кеткен. Сол себепті ол әншілерді татуластыруды шешкен.

"Мөлдір мен Жасұлан ұрсысып қалған ғой, бір жылдан бері араласпайды. Бір көлікке отырғызып, татуластырып жібергенсің ғой", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138307-bir-zhyldan-beri-aralaspaidy-moldir-auelbekova-men-zhasulan-bazarbaevtyng-urysyp-qalgany-ras-pa/