Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерекше күн": қалыңдық образындағы Айжұлдыз Адайбекова елді таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Видеодан кадр: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Қазақстандық танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова ел алдына қалыңдық образында шығып, көпшілікті таңғалдырды. Желідегілер оған ақ көйлек жарасатынын жазып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова отандық сән үйінің жабық көрсетіліміне модель ретінде қатысып, жиналған көпшілікке екі образды паш еткен. Бірі сары түсті кешкі көйлек болса, екіншісі нағыз қалыңдықтың көйлегі болып шықты.

Тұрмысқа шығатын арудың образына енген Адайбекова көрсетілімге келген барша қонақтарды таңғалдырған. Олардың арасында актрисаның сүйіктісі Сәкен Қағаров та болған. Видеолардан блогер ғашығының сүлулығына тамсанып отырғанын көруге болады.

Айжұлдыз Адайбекова жабық көрсетілімнің ерекше сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

Желі қолданушылары өнер иесінің образдарына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді. Олар Адайбековаға қалыңдық болған жарасатынын жазып, тойын асыға күтетінін жазуда.

"Ертегідегі ханшайым секілді", "Жұмбақ қыз", "Қалыңдық болған сізге сондай жарасады екен", "Неткен сұлусың. Жігітіңнің жолы болыпты", "Енді шынайы өмірде ақ көйлек кию бұйырсын", "Сенің "иә дедім" деген күніңді күтеміз", "Мына өмірге осы образдағыдай аққу болып қалқып, ұшып жүру үшін жаралғандайсыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138373-erekshe-kun-qalyngdyq-obrazyndagy-aizhuldyz-adaibekova-eldi-tanggaldyrdy-video/