Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоғамда бізге орын жоқ сияқты": Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдердің жарасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдер туралы сыр шертіп, олардың өмірлік жарасын айтты. Өнер иесіне бүгінде қоғамда оларға орын жоқ сияқты болып көрінеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдердің жарасы жайлы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Актриса мұндай келіншектерді өзі жақсы түсенітінін жеткізді. Оның сөзінше, жалғыз қалған әйелдер өздерін жаралы әрі керексіз сезінеді. Себебі қоғамда олар туралы елдің ойы көп жағдайда жағымсыз болып жатады.

"Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты әйелдерге маған кейде орын жоқ сияқты болып көрінеді. Себебі жалғызбасты әйел өзінің орнын, өз еншісін кәдімгі тісімен, қолымен жұлып алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір "Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ" дейтіндер өте көп. Мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Яғни әйелдер өзін жаралы, керексіз сезінеді. Әрине ол қатарда мен де бармын. Өз басымнан өткенді айтайын. Ажырасқаннан кейін сені ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдердің қатарына автоматты түрде жатқызады", - деді Иманбаева.

Оған қоса өнер иесі бұл жараны жазу үшін жалғызбасты әйелдерге не істеу керектігін де айтты.

"Той-томалаққа жалғыз барсаң, сол жерде күйеуін тартып алып қоятындай күйеуі бар әйелдер қызғанады. Күйеусіз барып қалсаң "мына байқұс әлі жүр ма" деген көзқарастар болады. Көп әйелдер комплекске кіріп кетеді. Өздерін керексіз, жараланған қалыпқа кіргізе бастайды. Жалғызбасты әйелге еркектің күшідей күш, еркектің энергиясындай энергия, еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине, еркек бола алмайсың. Бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орныңды алу үшін, өзіңді сыйлата білу үшін де саған мінез, қажымайтын қайрат күш, білім керек болады. Нәзік әйел энергиясын еркектікіне айырбастауға тура келеді. Олай жасамасаң жаралы болып жүре бересің", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138394-qogamda-bizge-oryn-zhoq-siiaqty-aigul-imanbaeva-zhalgyzbasty-aielderding-zharasy-turaly-aitty/