Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Былтыр Rolex сыйладым": Фариза Төреәлі күйеуін туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады (видео)

Жарияланған күні:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Видеодан кадр: instagram.com/ farizatoreali

Отандық блогер Фариза Төреәлі күйеуін туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады. Ол жүрекжарды сөзін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Блогердің айтуынша, күйеуі Дархан Нортаев биыл 27 жасқа толған.

"Туған күніңізбен, Алла қосқан жан-жарым. Мен үшін ең керемет жар, Дара үшін ең қамқор әке, біз сізді жақсы көреміз. Әр күнімізді мереке етіп, біз үшін бәрін жасап жүргеніңіз үшін шексіз алғыс. Былтыр Rolex сыйласам, бұл жылы Дараны сыйладым. Жылдан жылға көбейе берейік, сүйіктім", - деп жазды блогер.

Айта кетейік, күні кеше Төреғали Төреәлінің ата-анасы перзентханадант шыққан келініне қымбат сыйлық жасаған еді. Олар алтыншы баласын дүниеге әкелген Толқын Тұрарбекқызына Cartier брендінің білезігін берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138430-fariza-toreali-kuieuin-tugan-kunimen-quttyqtap-aserli-zhazba-arnady/