Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз менің мамам осындай ма": анасымен видео түсірген Жахан Отарғалиев елді күлдірді

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев анасымен
Жахан Отарғалиев анасымен. Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев желіде анасымен түсірген кезекті видеосын жариялап, елді күлдірді. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесінің анасы оған қыз іздеп әлек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев анасы екеуінің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда анасы екеуі мейрамханада тамақтанып отырғанын көруге болады. Даяшы қыз келіп шәй құйғанда актердің анасы оған бойжеткенге көз салып, күлімдеу керек екенін жеткізеді.

"Маманың намектары басталды. Жалғыз менің мамам осындай ма", - деп халықтан сұрады өнер иесі.

Аталмыш видеоны желі қолданушылары ерекше жылы қабылдады. Олар Отарғалиевтің әзіліне күліп, анасына ыстық ықыласын білдірді.

"Анасы екеуінің әзілі жарасымды", "Қатты күлдім ғой. Шынымен аналар осындай", "Ана деген бала үшін жанын беруге дайын ғой", "Анаңыз сондай мейірімді жан", "Бұйыртса отбасылы, балалы-шағалы боласыз", "Бақытты болыңыз", "Ана деген ана ғой. Менің де анам осылай жасап отырады", "Өте күлкілі видео болды. Маған ұнады", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138547-namioktary-bastaldy-anasymen-video-tusirgen-zhahan-otargaliev-eldi-kuldirdi/