Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек қызының "тұсау кесер" рәсімін өткізді

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек пен күйеуі
Айсәуле Бақытбек пен күйеуі. Фото: t.me/ aissaule

Айсәуле Бақытбектің кіші қызы биыл 1 жасқа толды. Осыған байланысты блогер Сәттінің "тұсау кесер" рәсімін өткізді. Баян Мақсатқызының қызы желіде салтанатты шараның қалай өткенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле қуанышты күнге жемістер тақырыбын таңдаған. Барлық зал мен суретке түсетін аймақ та жеміс-жидекпен безендірілген. Ал қонақтарды "Сәтті-фрутти" деп аталатын жеміс-жидек бары қарсы алды. Сондай-ақ дастарханға тәттілер қойылды.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек пен жолдасы қыздарын көпшілікке әлі де көрсетпейді. Дегенмен халық кешке келген қонақтар мен дастарханды тамашалап үлгерді. Олар блогерге ақ тілегін жаудырып, бақытты ғұмыр тіледі.

"Қандай керемет", "Ақылды, білімді әрі тәрбиелі қыз", "Бақытты болыңыздар", "Қыздарыңыз ақылды болып өссін", "Көрсең, көзің тоятын отбасы" , -деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138616-aisaule-baqytbek-qyzynyng-tusau-keser-rasimin-otkizdi-foto/