Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсын Алагөзов 1 млн теңгеге пиджак сатып алды (фото)

Жарияланған күні:

Тұрсын Алагөзов
Тұрсын Алагөзов.. Фото: instagram.com/tursen_alaguzov

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов отандық сән үйінің жабық көрсетіліміне қатысып, гардеробын қымбат киіммен жаңартты. Бизнесмен құны 1 млн теңге тұратын пиджак сатып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық брендтің жабық көрсетіліміне бірқатар шоу-бизнес жұлдыздары шақырылған. Құрметті қонақтар арасында Тұрсын Алагозов те болған.

Танымал продюсердің күйеуі отандық дизайнердің жаңа топтамасын тамашалап қана қоймай, өзіне ұнаған киімді сатып алған. Бизнесмен құны 1 млн теңге тұратын пиджак сатып алған.

Бұл туралы "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш хабарлады. Әнші ару Алагөзов сатып алған киімге үлесін қосқанын айтты.

"Пиджакқа өз фантазиямызды салдық. Менікі өз атымды қалдыруға ғана жетті. Пиджакты аукционға қойды. Тұрсен мырза 1 миллионға сатып алды", - деп жазды әнші. 

Балжан Бидаштың Stories-i
Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138958-tursyn-alagozov-1-mln-tenggege-pidzhak-satyp-aldy/