Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның құшағы кең, жүрегі жылы": әнші Балжан Бидаш желіде әсерлі видео жариялады

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш желіде әсерлі видео жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Өнер иесі мерекелік шарада экс-продюсерімен бас қосқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш отандық сән үйінің жабық көрсетіліміне қатысып, ол жерде бұрынғы продюсерімен кездесіп қалған.

"Өте әдемі кеш болды. Сағынған жандармен кездестік", -деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

Әнші ару мерекелік шара кезінде өнердегі ұстазымен түскен ерекше видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің экс-продюсерін құшақтап, оған еркелеп отырғанын көруге болады.

"Оның құшағы кең, жүрегі жылы. Кезінде айтқан әңгімелерін есейіп, енді түсініп жатқанымды айтып, бір күліп алдық", - деп жазды Балжан Бидаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138968-onyng-qushagy-keng-zhuregi-zhyly-anshi-balzhan-bidash-zhelide-aserli-video-zhariialady/