Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаман әйел емеспін": Дариға Бадықова өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова сұхбат беруде
Дариға Бадықова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сқраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Дариға Бадықова бүгінде "Таптым-ау сені-2" фильмінің түсірілімін аяқтағанын хабарлады. Өнер иесі түсірілімін аяқталғанымен алда әлі жұмыс көп екенін айтты.

"Бір тірлікті бітіріп, жеңілдеп отырғанымыз-ай. Енді алда қырғын тірліктер бар. Шаршамау керек. Шаршасаңдар, демек мақсаттарың жоқ. Шаршауға болмайды мүлде. Tik-Tok-та, әлеуметтік желіде неше түрлі тренингтерді тыңдайды ғой адамдар. Жеке шекара, шаршау, тағы бірдеме дегендер бар. Ешкімді тыңдамау керек. Жеке шекараң болса, бітті ол. Өлдім дей бер. Отырасың сол жеке шекараңмен. Не өзіңе ашпайсың, не басқаға ашпайсың", - деді актриса.

Сонымен қатар кино жұлдызы оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап берді. Желідегілердің бірі Бадықовадан энергияны қайдан алатынын сұрады.

"Энергияны жақсы нәрселерден аламын-ау. Көп ренжи алмаймын. Сол себепті энергиям өзімде қалады", - деді актриса.

Дариға Бадықованың Stories-i
Дариға Бадықованың Stories-i. Скриншот: Instagram/dariga_badykova

Оған қоса өнер иесі қорқатын жаман сөзі мен өзінің қандай әйел екенін айтты.

"Қорқатын жаман сөзім жоқ екен. Бастырылып көрмеппін. Шошып ояну, жындар әлемімен байланысым жоқ. Келінщегіңіз мендей-ақ болсын. Жаман әйел емеспін", - деп жазды ол.

Дариға Бадықованың Stories-i
Дариға Бадықованың Stories-i. Скриншот: Instagram/dariga_badykova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139003-zhaman-aiel-emespin-dariga-badyqova-ozi-zhaily-el-bilmeitin-zhaitty-aqtardy/