Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздарға тек ақша керек": Мөлдір Әуелбекова көпшілікті сұрағымен ойландырып қойды

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова көпшілікке күтпеген сұрақ қойды. Ол "қыздарға тек ақша керек" деген түсінік туралы сөз қозғады.

Актриса ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Міне, қызық. "Қыздарға тек ақша керек" деген стереотипті ақшасы жоқ еркектер ойлап тапқан" дегенге келісесіз бе?", - деп жазды әнші.

Мұны оқыған желі қолданушылары өнер иесінің сөзін қолдай кетті.

"100 пайыз келісемін", "Қыздарға қауіпсіздік керек", "Қазір еркектерге қарағанда қыздар ақшаны көп табады", "Иә, жалқуа еркектердің шығарған сөздері", "Ақылды адам айтқан екен, келіспеске болмайды-ау", "Қыздарға ақша ғана емес, біраз нәрсе керек", - деді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139118-qyzdarga-tek-aqsha-kerek-moldir-auelbekova-kopshilikti-suragymen-oilandyryp-qoidy/