Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50 млн теңге қажет": Арман Қоңыр дертке шалдыққан әйел үшін елден көмек сұрады (видео)

Жарияланған күні:

instagram.com/ armankonyr
Арман Қоңыр. Видеодан кадр: Арман Қоңыр

Отандық эстрада жұлдызы Арман Қоңыр Айсапар Әбдірахман есімді келіншектің дертіне қатысты көпшілікке үндеу жасады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында халықтан аурумен алысқан әйелдің еміне ақша жинап көмектесуді сұрады.

Арман Қоңырдың айтуынша, Айсапарға отаны шетелде жасау керек. Ал қажетті сома 50 млн теңгені құрайды.

"Ассалаумағалейкум, құрметті қазақ елі, құрметті бауырлар! Сіздерге үлкен өтінішпен шығып отырмыз. Айсапар қарындасымыз қазір осындай бір қиындықпен сыналып жатыр екен. Сол сынақтан өтуіне сіз болып, біз болып көмектесіп, қол ұшын созып жіберсек деген ниеттеміз.

Дертті беруші Алла, шипасын да беруші Алла! Біз соған себепкер болып, қолдан келгенше көмектесіп, дұға жасап, барынша атсалысайық! Мұндай сынақты ешқайсыңызға бермесін!", - деді ол.

Айсапар Әбдірахманның дертке шалдыққанын ақ халаттылар да растады. Дәрігер келіншек бүйрек жетіспеушілігінің салдарынан қазір диализ алатынын, ол бүйрегін ауыстыру немесе жасанды бүйрек аппараты арқылы ғана емделе алатынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139234-50-mln-tengge-qazhet-arman-qongyr-dertke-shaldyqqan-aielge-qatysty-elden-komek-surady-video/