Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздарды аяймын": Ерке Есмахан күйеуі Раймды қалай қаратып алғанын айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан күйеуімен. Фото
Ерке Есмахан күйеуімен: әншінің instagram-парақшасынан

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі жеке өмірі туралы сыр шертіп, күйеуінің жүрегін қалай жаулап алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, көпшілікке жан сырын ақтарды.

Оқырмандардың бірі әншіден "күйеуін қалай қаратып алғанын" сұраймын деп оны ашуландырып қойды.

"Қыздар неге өздеріңізді осыншама төмен бағалайсыздар? Неге жігітті қыз қарату керек? Мейлі ол жас немесе үлкен, бай, сымбатты, атақты, лауазымды адам болсын. Неге өз құндарыңды өздерің түсіресіңдер? Осындай сұрақ қоятын қыздарды аяймын.

Біз 2018 жылы таныстық, сөйлестік. Арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте бір-бірімізден алшақтағымыз келген. Бірақ бәрібір Алла қалап, екеумізді қосып, жанұя болдық. Шүкір. Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді. Сондықтан қыздар, миларыңызды болмайтын нәрсемен толтырмай, "жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді" деп бақытты өмір сүре беріңдер", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Ерке Есмахан күйеуі Раймның шынайы өмірде қандай адам екенін айтты.

"Үлкен ортаға барғанда Райм жабылып қалады. Мен керісінше, ашыламын ғой, шіркін. Райм өзін сахнада суда жүзген балықтай сезінеді", - деп жазды өнер иесі.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139528-qyzdardy-aiaimyn-erke-esmahan-kuieui-raimdy-qalai-qaratyp-alganyn-aitty/