Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Porsche Panamera сыйладым": Тұрар Ыдырыстың бұрынғы продюсері әншіні неге сотқа берген

Жарияланған күні:

Тұрар Ыдырыс
Тұрар Ыдырыс. Видеодан кадр: Youtube/Dinara Satzhan

Қазақстандық танымал әнші, хит әндердің авторы Тұрар Ыдырыс продюсермен не себепті жұмыс істесе алмағанын ашып айтты. Өнер иесінің бұрынғы продюсері келісімшартты орындамағаны үшін оны сотқа берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрар Ыдырыс продюсерінен кеткен кезі туралы Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтып берді. Бұрынғы продюсері әншіні сотқа бергенімен, кейін олар бұл мәселені өзара шеше алған.

Тұрар Ыдырыс продюсерден кеткеннен кейін оған алғысын айтып, Porsche Panamera көлігін сыйлаған.

"Үш жылдай продюсермен жұмыс істедім. Кететін кезде екеуміз келіса алмай қалдық. Сол сәтте дұрыс кету керек еді. Менің де балалығым болды. Бізде бес жылға келісімшарт болды. Мен үш жылдан кейін кетем дегенде ол кісі сотқа берді. Бірақ кейін бәрі шешілді. Мен бұрынғы продюсеріме Porsche Manamera сыйладым. Бірінші сөйлестік. Негізі мүмкіндік болғанда мен оны бірден беретін едім. Мен продюсерден кеткен соң ақшам болған жоқ. Бір жылдай жұмыс істеп, бірінші табысыма алған дүние. Ол кісінің маған еңбегі сіңді. Сол үшін осылай қымбат сый беріп кеткенім дұрыс болады деп шештім. Бұл менің рақметім ретінде берілген сыйлық", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139564-porsche-panamera-syiladym-turar-ydyrystyng-buryngy-prodiuseri-anshini-ne-ushin-sotqa-bergen/