Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ким И На мен Мин Су Енді білмейтін адам жоқ шығар": Фариза Төреәлі әйгілі сериал түсірілген жерге барды (фото)

Жарияланған күні:

Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі
Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі. Фото: instagram.com/ farizatoreali

Отандық блогер Фариза Төреәлі осыдан бірнеше жыл бұрын отандық телеарналардан көрсетілген "Нар тәуекел" сериалы түсірілген жерге барды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің қарындасы бұл жайында Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Дәл сол "Ва-Банк" түсірілген жер. Өмірімдегі ең әдемі локациялардың қатарына жатқыздым, тіпті мына әдемілікке қарап көзім тоймады.

Чеджу аралына Сеулдан ұшақпен 1 сағат, одан соң Seopjikoji жағажайына көлікпен жол 1,5 сағатты алады. Бірақ бұл жерді көруге тұрарлық екен, тек дорама түсірілгені ғана үшін емес ерекше табиғат көрінісі үшін.

Көбінің Кореяға қызығушылығы осы атақты сериалдан бастау алған ғой, Ким И На мен Мин Су Енды білмейтін адам жоқ шығар. Дархан екеуміз де дорамаларды сүйіп көреміз. Сіздерге де келу бұйырсын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139565-kim-i-na-men-min-su-endi-bilmeitin-adam-zhoq-shygar-fariza-toreali-aigili-serial-tusirilgen-zherge-bardy-foto/