Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қадірімді жоғалтып алатындаймын": әнші Тұрар Ыдырыс тойларға неге шықпайтынын айтты

Жарияланған күні:

Тұрар Ыдырыс
Тұрар Ыдырыс. Фото: instagram.com/turar__ydyrys

Жастар арасында кеңінен танылған әнші Тұрар Ыдырыс табыс көзі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі өзге әріптестері секілді той-томалақтарға шықпайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрар Ыдырыс негізгі табысы концерттерінен түсетінін айтты. Әнші барынша тойларға шықпауға тырысатынын жасырмады. Ол "той-томалақтарға бара берсем, қадірімді жоғалтып алатындай сияқтымын" деді.

"Тойға шықпаймын, көп бармаймын. Көбісі мені тойдан көп қаражат табады деп ойлайды. Бірақ менің негізгі табысым - концерттер. Кейде күшті ақша берген кезде шығамыз ғой. Мен өзім тойға әдейі көп гонорар айтамын. Мені алғанша басқа екі-үш әншіні алған жақсырақ. Бармау үшін әдейі көп ақша сұраймын. Тойға бара берсем қадірімді жоғалтып алатын сияқтымын. Концерттерге ақша жинау қиын болып кететін сияқты. Тойға қарсылығым жоқ. Тойдың атмосферасы ұнамайды. Достарыңның тойында мейлі. Ал енді ешкімді танымайтын жерде біреу тамақ ішіп жатады, біреу сені тыңдамайды да. Сосын келіп, суретке түсіп жатады. Өзіме кішкене сол жағы ұнамайды", - деді Тұрар Ыдырыс Динара Сәтжанға берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139636-qadirimdi-zhogaltyp-alatyndaimyn-anshi-turar-ydyrys-toilarga-nege-shyqpaitynyn-aitty/