Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Апайыма "шуба" кигізгенмін": Төреғали Төреәлі өзі оқыған мектепке барып, ел білмейтін естелігін айтты

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Видеодан кадр: instagram.com/ toregalitoreali

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі Байқоңырдағы өзі білім алған мектепке ат басын бұрды. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында бала кезде нені армандағанын айтып, естелігін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің айтуынша, ол бала кезде арманшыл болған.

"Осы жерде қолымызға гүл алып, 1-сыныпқа келгенім есімде. Бастауыш кезде Балшекер, одан кейін Гүлбану деген апайым сынып жетекші болды, ағылшын тілінен сабақ беретін. Айна Жалиева директорымыз еді, қазір барлығы ауысып кеткен шығар. Кішкентай Төреш оқушы кезінде көп армандайтын. "Өскенде ақын боламын, Олимпиада чемпионы боламын" дейтін.Төрешке сол кезде көпшіліктің сене қоймағаны анық", - дейді ол.

Өнер иесі бастауыш сыныпта ұстазына сыйлық әперетінін айтыпты. Дегенмен сыныптастары бұл уәдеге сенбеген сыңайлы. Ал әнші араға қаншама уақыт салып бұл арманын орындаған екен.

"Тіпті, бастауыш сыныпта оқып жүргенде Балшекер апайыма "өскенде мен сізге "шуба" кигіземін" деп айтқаным есімде. Сыныптастарым күлді. Иә, ол кезде "шуба" атаулысы анамда жоқ, сондағысы бала арман-ниетім екен. Алланың қалауымен тұлғам тұнған тәлім болмаса да, есімім елге мәлім болған шағымда ауылыма барып, арманымды орындап, концерт үстінде апайыма "шуба" кигізгенмін", - деді эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139646-apaiyma-shuba-kigizgenmin-toregali-toreali-ozi-oqygan-mektepke-baryp-el-bilmeitin-esteligin-aitty/