Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өртейміз": көлікке "жанармай" құйған Бағлан Әбдірайымов жұртқа жақпай қалды

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Видеодан кадр: instagram.com/ baglan_abdraimov_official

Отандық эстрада жұлдызы Бағлан Әбдірайымов көлігін өртеуге қатысты видео жариялады. Осылайша өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында көпшілікке пранк жасады.

Жақында жаңа фильмін таспалаған әнші бірнеше көлік пен ақшалай сыйлық ойнатып жатыр. Бірнеше айға созылған бұл науқанға қатысатын халық қарасы да аз емес.

Күні кеше әнші осы байқау аясында көлігін өртеуге қатысты видео жариялады. Онда Бағлан Әбдірайымовтың KIA маркалы темір тұлпарға жанармайға ұқсас сұйықтық құйып жатқанын байқауға болады. Сәлден соң өнер иесі мұның әзіл екенін айтады.

"Достар, автокөлікті өртеп жібереді деп ойладыңыздар ма? Жоқ, біз аманатқа қиянат жасамаймыз. Дәл осы көлікті ертең сіздерге сыйлаймыз және тағы екі автокөлігіміз бар. 30 адамның 100 мың теңгеден қарызын жабамыз деген ниеттеміз. Тек кино көрген көрермен үшін ғана", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік Бағлан Әбдірайымовтың әрекетіне шүйлікті.

"Не болып кеттіңдер?", "Бұл кісі де 18 тәулікке барып келгісі келіп жүрген сияқты", "Атың шықпаса, жер өрте деуші еді ата-бабамыз", "Неге бір-біріңнен көргеніңді жасайсыңдар?", "Бұл ерке бозбаланың тірлігі ғой, өртеме", - деп жазды жұрт.

Пікір жазғандардың арасынан Әбдіжаппар Әлқожа да табылды.

"Алатау ауданы әкімдігі айыппұл салады. Бәке, байқаңыз. От жаққанды көрдік. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық", - деді әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Әбдіжаппар Әлқожа қамауда жатқанда киген киімін өртеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139706-orteimiz-kolikke-zhanarmai-quigan-baglan-abdiraiymov-zhurtqa-zhaqpai-qaldy-video/