Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ана бола алмайсың деді": Жұлдызай Дүйсенбиева отбасылық өміріндегі ауыр кезең туралы айтты

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Отандық танымал әзілкеш әрі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева отбасылық өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі бұл күйзелістен шығуына жолдасының қолдауы көмектескенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш тұрмыс құрған кезде бала көтергенімен, кейін түсік тастаған. Бұл жағдайдан кейін актриса дәрігерлерге қаралуға барған. Алайда білікті мамандар оған "балаң болмайды, ана бола алмайсың" деп айтқан.

"Бірінші баламды шамамен 3-4 айдан кейін көтердім. Бірақ баламды түсіріп алдым. Одан кейін емделу кезінде маған дәрігерлер "сізде мүлдем бала болмайды", "сіз енді ана бола алмайсыз" деп айтты. Емделуге қажет көптеген дәрі-дәрмектің тізімін жазып берді. Қағазды ұстап үйге келіп жатырмын. Мен жалпы көп жыламайтын, жыласам да, көрсетпейтін жанмын. Бірақ сол кезде үйге келіп, қатты жыладым. Себебі "ана бола алмайсың" деген ең ауыр сөз екен. Жасым сол кезде 33-те. "Дәрігерлер егер жасыңыз 23-те болғанда, бірнәрсе өзгерте алар едік. Бірақ бұл жаста бала болуы шамалы" деп шорт кесті", – деп еске алды әзілкеш.

Өнер иесі бұл сөздерді естіген соң, жолдасына "ажырасайық" деген ұсыныс айтқан. Алайда отағасы кез келген жағдайда оның қасында болатынын айтып, қолдауын білдірген.

"Жылағанымды күйеуім көріп, не болды деп сұрады. Мен оған "ажырасайық" деп айттым. Ол шошып кетті. "Мен бала туа алмаймын" дедім. Біреудің тағдырын байлағым келген жоқ. Күйеуім маған қарап күлді де, қолымнан ұстады. "Жұлдызай, егер тағдыр, Алла Тағала сенімен баласыз қол ұстасып жүруді жазған болса, мен сенімен соңына дейін қол ұстасып кетемін" деді. Күйеуімнің бұл сөзі менің өмір сүруіме көмектесті. Себебі бұл екінің бірінің қолынан келмейтін нәрсе", – деді Дүйсенбиева.

Актриса жолдасының бұл жылы сөздері өзін емдеді деп ойлайды. Себебі дәрігерлердің диагнозынан кейін бір айдан кейін әзілкеш ару жүкті болған.

"Сол қолдауы мен айтқан сөздері мені емдеді деп ойлаймын. Маған "3 жыл емделесіз, ем жақсы болса, біз ЭКО жасаймыз" деді. Онда да бола ма, болмай ма білмейді. Алайда мен ешқандай анализ тапсырмадым, ешқандай дәрі ішпедім. Бір ай уақыт өткен соң бала көтердім. Тестке қайта-қайта қарадым, сенбеймін. Жолдасыма көрсетем, ол да аң-таң. Мүлдем жүрегім айнымайды, құспадым. Қалай бұл. Мүмкін екіқабат емеспін деп ойладым. Себебі өзімді алданып қалмайыншы дедім. Содан 3 айға дейін тексерілмей жүре бердік. Тексеру барған кезде гинеколог балаңыздың жүрек қағысын естігіңіз келе ме деп айтты. Сол кезде көзімнен пора-пора жас ақты", – деді өнер иесі "Мамский әңгіме" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139730-ana-bola-almaisyng-dedi-zhuldyzai-duisenbieva-otbasylyq-omirindegi-auyr-kezeng-turaly-aitty/