"Балеринам деп еркелетеді": Ерке Есмахан орындалмай қалған арманын айтты
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан бала кезде қандай мамандық иесі болғысы келгенін айтты. Оқырмандарының сүрағына жауап берген ол кішкентайынан өнерге жақын болғанын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан кішкентай кезінде аяғының ұшымен жүріп, балерина болуды армандаған.
"Әкеме балерина боламын дедім. Онымен біз Ақтөбенің ар жағында ауылда тұрдық. Ауылда балет мектебі жоқ болды. Одан скрипка үйренемін дедім. Ауылда өнер мектебінде скрипка бөлімі болмады. Домбыра мен қобыз ғана болды.
Сөйтіп 2-сыныптан 5-сыныпқа дейін домбыра үйрендім. Домбыраға қарағанда әншілігім басым екенін байқап, әрі қарай колледжде вокал бөлімінде оқыдым.
Орындалмай қалған арманым болғандықтан, театр, балетке барғанды жаным сүйеді. Раим мені "балерина моя" деп еркелетеді. Үйде билеп беремін", - деді Ерке Есмахан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139840-balerinam-dep-erkeletedi-erke-esmahan-bala-kezde-neni-armandaganyn-aitty/