Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арамызға іріткі салатындар көп": Жұлдызай Дүйсенбиева "ажырасуы" жайлы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева студияда
Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: "Жетінші" арна

Отандық танымал актриса әрі әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, ажырасуына қатысты қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі жолдасына "ажырасайық" деп айтқанын жоққа шығармады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызай Дүйсенбиева кезінде желіде жариялаған жазбасынан кейін ел арасында өзінің ажырасып кеткені туралы қауесеттер тарап кеткенін айтты. Актриса отбасылық өмірінде қиын кезеңдер болғанын жасырмады. Алайда қоғамда айтылып жатқан әңгімелер шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Екінші бала дүниеге келмеу деген нәрсе бізде қозғалды. "Екінші бала керек" деген кез келген отбасыда болады. Бірақ бұл жеке менің отбасымда емес, жан-жағымызда болды. Бұл кезде де менің ойым ғой. Бірінші бала болмайды деген кезде де мен "ажырасайық" дегенмін. Осы жолы да эмоцияға беріліп жазылған нәрсе еді. Бірақ ажырасқан жоқпыз. Қызымды жақсы әкеден айырғым келмейді. Өзім де мұндай жақсы жардан айырылғым келмейді", - деді Дүйсенбиева.

Сонымен қатар өнер иесі күйеуі екеуінің арасына іріткі салатындар көп екенін айтты.

"Ұрпақсыз жүре бересің ба" деп арамызға іріткі салатындар көп. Негізі жолдасыма екінші әйел алуға рұқсатымды бергенмін. "Егер ұрпақсыз қалып бара жатырмын, екінші әйел аламын десең, мен қарсы емеспін" дедім. Бірақ жолдасым "қой, айналайын" деді. "Керек болса, мен өзім жасаймын, мен айтапасам, демек ол нәрсенің маған керегі жоқ, сен мен үшін шешпе" деді. Сондықтан біз бұл әңгімені мүлдем қозғамаймыз , - деді актриса "Мамский әңгіме" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2140015-aramyzga-iritki-salatyndar-kop-zhuldyzai-duisenbieva-azhyrasuy-zhaily-bar-shyndyqty-aitty/