Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сара Амангелді маған қарамайды": әнші Тұрар Ыдырыс жеке өмірі туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс
Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс. Скриншот: instagram.com/amangeldieva_sara

Жастар арасында кеңінен танылған әнші Тұрар Ыдырыс жеке өмірі туралы сөз қозғап, неге әлі үйленбей жүргенін айтты. Хитмен өнердегі әріптесі Сара Амангелдімен қарым-қатынасына қатысты жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрар Ыдырыс жеке өмірі туралы Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтты. Әнші әлі де сүйіктісін жолықтырмағанын жеткізді.

"Солай болып тұр ғой енді. Басым бос, жүрегім бос, бәрі бос боп тұр. Білмеймін енді, әзірге бұйырмаған ғой. Әзірге бұйырмай тұр, бұйырған күні болатын шығар. Қызға қояр талабым көп емес. Бастысы менің адамым болса болды ғой. Қазір уақыты келген жоқ деп ойлаймын. Уақыты келген кезде менің де бір маңдайыма жазылған бақытым бар шығар. Ешкім жүрегімді жаралаған жоқ. Барлығы жақсы. Мен 28 жас деген қатты қорқынышты жас деп ойламаймын. Мен қатты бір уайымдамайды екенмін ол нәрсені", - деді өнер иесі.

Сонымен қатар Тұрар Ыдырыс ел арасында Сара Амангелді екеуіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды. Әншінің айтуынша, Мамасарипованың қызы оны жігіт ретінде қарастырмайды.

"Ашығын айтсам, біз Сарамен жай ғана доспыз. Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. Тек қана доспыз, бірге киноға түстік. Сол кинода жұптың рөлін ойнадық қой екеуміз. Халық сенді ойынымызға. Мен үйреніп қалғанмын ондай нәрсеге. Екі адамды қосып кетеді. Бірақ қайталап айтайын, біз жай ғана доспыз. Иә, Сара ең әдемі, ең ақылды, ең талантты қыз, оған таласым жоқ. Былай айтқанда, Сара маған қарамайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2140039-sara-amangeldi-magan-qaramaidy-anshi-turar-ydyrys-zheke-omiri-turaly-syr-shertti/