Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айлықсыз жұмыс істеп жатырсыз": Қоянбаевқа қарбызды тегін берген әйел жұртты күлкіге қарқ қылды

Жарияланған күні:

Нұрлан Қоянбаев қарбыз сатып алып жатыр
Нұрлан Қоянбаев қарбыз сатып алып жатыр. Видеодан кадр: Instagram/koyanbayevnurlan

Қазақстандық танымал әзілкеш әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын күлдірді. Өнер иесі қарбызды өзіне тегін берген әйелдің әрекетіне қатты таңғалып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаев елдің қызу талқысын тудырған бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актердің қарбыз сатып алайын деп жатқанын көруге болады. Алайда бағасын сұрағанда келіншек оған тегін беретінін айтқан.

Өнер иесі қатты таңғалып, әйелден не себепті тегін беріп жатқанын сұрайды.

"Сізге тегін. Сіз айлықсыз жұмыс істеп жатырсыз ғой. Сондықтан ала беріңіз", - деді сатушы.

Желі қолданушылары бұл видеоны бірден қызу талқылап, кейбірі тоқтамай күлгенін жазды.

"Сіз айлық ала саласыз-ау. Әйтпесе көшере қайыршы қылып жібереді", "Осындай қарапайымдылыққа не жетсін?", "Жарайсың Нұрлан, еліме қызмет жасаймын деген ниетіңнен", "Елдің бәрі айлық алмайтыныңызды біліп алыпты", "Өте күлкілі видео", "Қатта күлдік. Тоқтай алмай жатырмыз", "Мына әзіл бізге өтті", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев әкім кеңесшісі болып тағайындалуын сынға алғандарға жауап берген болатын. Өнер иесі желіде жазба жариялап, жаңа қызметінде айлық алмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2140269-ailyqsyz-zhumys-istep-zhatyrsyz-qoianbaevqa-qarbyzdy-tegin-bergen-aiel-zhurtty-kulkige-qarq-qyldy/