Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бағың ашылсын": актер Жахан Отарғалиев танымал модельмен көзге түсті (видео)

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев пен Наргиз Тілаева
Жахан Отарғалиев пен Наргиз Тілаева. Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде танымал модельмен түскен видео жариялап, елді қызықтырып қойды. Қалың көпшілік өнер иесі сүйіктісін жолықтыр деп болжап, оған бақыт тілеп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев елдің қызу талқысын тудырған видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актердің көлікте бір қызбен келе жатқанын көруге болады.

Кино жұлдызының қасында отырған бикеш "Қазақстан аруы" байқауының бас амбассадоры, халықаралық "Жер аруы" байқауының қатысушысы Наргиз Тілаева болып шықты.

Желі қолданушылары Отарғалиев ғашығын жолықтырды деп топшылап, оған жарыса бақыт тілеп бастады.

"Бақытты болыңдар", "Жарасып тұр. Сұлу қыз екен", "Бағыңыз ашылсын", "Отбасылы болып, балалы болыңыз", "Жолыңыз ашық болсын", "Өте сұлу ару екен", "Бақыт тілейміз. Осы арумен бақытты да баянды өмір сүріңіз", - деп жазуда көпшілік.

Алайда Жахан Отарғалиев те, Наргиз Тілаева да қарым-қатынасын растаған да, оған қатысты пікір білдірген де жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141113-bagyng-ashylsyn-akter-zhahan-otargaliev-tanymal-modelmen-kozge-tusti-video/