Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сол да мақтаныш па": бостандыққа шыққан Әбдіжаппар Әлқожаның видеосы елге жақпай қалды

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Бостандыққа шыққан өнер иесінің әрекеті оқырмандарына ұнамай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, "10 күнде тойып алған жақының" деген жазба қалдырған.

Бейнежазбада әншінің ұрылар туралы ән шырқап жатқанын көруге болады. Алайда бостандыққа жақында ғана шыққан өнер иесінің бұл әрекеті көпшілікке жақпай қалған. Оқырмандар Әбдіжаппар Әлқожаны абақтыда отырып шыққаны үшін мақтанды деп сынап тастады.

"Сол да мақтаныш па?", "10 күнде осындай болып кеттің ба?", "Өз-өзіне не мазақ болды бұл?", "Түрі не болып кеткен?", "Тағы бір 10 күн отса өзі өлең шығаратын еді", "Бір түрлі екен. Жақында ғана бостандыққа шыққан сияқты еді. Сабақ болмаған-ау", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141145-sol-da-maqtanysh-pa-bostandyqqa-shyqqan-abdizhappar-alqozhanyng-videosy-elge-zhaqpai-qaldy/