Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауа райына шағым айтуға болмайды": Сеулде жүрген Фариза Төреәлі жазбасымен елді ойландырып қойды

Жарияланған күні:

Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі
Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі. Фото: instagram.com/ farizatoreali

Сеул қаласында демалып жүрген Фариза Төреәлі жазбасымен елді ойландырып қойды. Блогер оқырмандарын ауа райына шағым айтпауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фаризаның айтуынша, ол әр жағдайды шартсыз қабылдайды. Жолдауы екеуі тіпті ауа райының күрт құбылуына да салқынқанды қараған.

"Ауа райына шағым айтуға болмайды, ризыққа әсер ететінін білдіңіз бе? Бүгінгі күнді Сеулдегі ең үлкен паркте өткіземіз деп жоспарладық. Паркке келген уақытта жаңбыр құйып кетті. Алайда оған қарамастан қолшатыр алдық, үстімізге жаңбырға қарсы киім кидік те, ары қарай серуендеп кеттік. Санада да еш қарсыластық жоқ, тек шартсыз әр ситуацияны қабылдау сезімі. Неге? Себебі әр нәрсе тек Жаратушымыздың ғана қалауымен ғой, біз қалайша оның қалаулары менен жасап жатқандарына разы болмаймыз? Біз кімбіз?

Көп жағдайда біз өзіміз байқамай, тіпті ауа райына қатысты сын айтып, не мін тағамыз. "Туй, жаңбыр жауып кетті", "жаумайтын кезде неге жауады?", "ауа райын қараш бұзылып кеткен" сынды әңгіме. Ол нәрсенің өзі біздің ризыққа әсер етеді екен.

Ал бұл жайлы анық хадис бар: "Пайғамбарымызға (с.а.с) бір адам келіп өзінің кедейлігі жайында шағымданады. Сонда пайғамбарымыз (с.а.с) оған: "Бәлкім сен жел-дауылды сөгіп, ауа райына шағымданып жүрген шығарсың" деп қана жауап беріпті.

Расында әр жапырақ Алла қалауынсыз түспейтіні секілді өміріміздегі әр жағдай Раббымыздың құзырында... Ал біз мойынсұнып, шартсыз қабылдауды қатты үйренуіміз керек. Бүгінгі күннен осындай қорытынды. Паркте жүріп ойлаған ойларыммен бөлісейін деп шештім. Әдемі естелік суреттер", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141200-aua-raiyna-shagym-aituga-bolmaidy-seulde-zhurgen-fariza-toreali-zhazbasymen-eldi-oilandyryp-qoidy/