Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еріңнің ебін тапсаң": Мәдина Сәдуақасова балық аулауға күйеуімен еріп барған (фото)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова күйеуімен
Мадина Сәдуақасова күйеуімен. Фото: instagram.com/ sadvakasovamadina

Отандық эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова күйеуімен балық аулауға еріп барды. Бұл жайында әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Мәдина Сәдуақасова демалыстан суреттерді бөлісіп, балық аулау өзіне де ұнағанын айтты.

"Еріңнің ебін тапсаң , көңілің орнына түседі … Балық аулауды жақсы көреді Олжас , осы жолы еріп бардым балық аулауға, көрейін дедім. Өзіме де ұнады. Олжас өте бақытты болып жүрді. Осы керек болыпты оған. Шын бақытты сезіну үшін көп нәрсе керек емес екен. Мұнда барлығы ғажап: табиғаты, өзен, балығы, тұратын жерлері, асханасы", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасова өнердегі әріптесті Нұрлан Қоянбаевтың туған күніне барып, оны арнайы құттықтап қайтты. Шоу-бизнес жұлдызы ерекше форматта өткен отырыстың видеосын 2 күн күтіп, оны алған бойда Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Алайда бейнежазбада Қоянбаевтың туған күнінен тек үзінді ғана бар болып шықты. Әншінің сөзінше, аталмыш видеоны кинопродюсердің мобилографы түсірген. Бейнежазбада Мадина Сәдуақасова, Нұрлан Қоянбаев пен Жан Байжанбаевты көруге болады. Өнер иесінің өзі видеоның дұрыс түсірілмегеніне таңғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141208-eringning-ebin-tapsang-madina-saduaqasova-balyq-aulauga-kuieuimen-erip-bargan-foto/