Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны бір жыл күттім": Төреғали Төреәлі Диана Исмаилға қандай ұсыныс айтқан

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі мен Диана Исмаил
Төреғали Төреәлі мен Диана Исмаил. Видеодан кадр: Youtube/Той думан

Отандық танымал сазгер Диана Исмаил эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлімен бірге жазған дуэті туралы бар шындықты айтты. "Уәде қайда?" әнінің авторы бірге жұмыс істеуге туралы ұсыныс хитменнен түскенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлы дала баласы" Диана Исмаилға өзі ұсыныс жасағанымен, аталмыш ән бір жыл бойы жазылмай тұрған. Сазгер ару эстрада жұлдызын күтуге мәжбүр болғанын айтты.

"Студияда осы әнді жазып бастап жатқанмын. Сол кезде Төреш менен "Мынау қандай ән?" сұрады. Сосын "Диана, мұны дуэт етіп жазсақ қалай болады?" деген ұсыныс айтты. Содан кейін жоқ болып кетті. Сол айтқаннан кейін хабарласпады. Мен ол кісіні бір жыл күттім. "Уәде қайда?" деп өзім хабарластым. Сіз менімен өлең айтамын деп едіңіз ғой. Мен шығарайын енді бұл әнді. "Босқа жата бере ме?" деп соңынан жүрдім. Сөйтіп, әнді жазып, бейнеклип түсірдік", - деді Диана Исмаил Динара Сәтжанға берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141220-ony-bir-zhyl-kuttim-toregali-toreali-diana-ismailga-qandai-usynys-aitqan/