Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегі жоқтарды аяймын": Роза Әлқожа өзін інісімен салыстырғандарға жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Видеодан кадр: instagram.com/ roza_alqozha

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа Instagram желісіндегі парақшасында Әбдіжаппар Әлқожанң "Ұмыт деме" әнін орындады. Өнер иесі өзін інісімен салыстырғандарға да жауап беруді ұмытқан жоқ.

Роза Әлқожа өзіне інісінің жаңа әні ұнап қалғанын, алайда жұрт оның орындауын Әбдіжаппар Әлқожамен салыстыратынын алға тартты.

"Ән ұнап қалса осы енді! Айт десе айтпай, айтпа десе айтам! "Әбдіжаппар Әлқожадай айта алмайсың" депті TikTok желісінде, мейлі. Негізі біз кез келген нәрсеге мынау мынадан күшті, анау анадан әлсіз деп қана баға бере аламыз. Бұл ғасырлар бойы сіңген әдет. Одан құтылу қиын. Сол үшін де өкпелеу артық. Анығында - шәкірт ұстаздан озса - баулығанның бақыты. Ер етектіден еңселі болса, әулет айбыны. Төркін мен төр көркі, көкжиек кеңдігі", - деп түсіндірді әнші.

Әрі қарай эстрада жұлдызы өнер жолын қуған жандарға қатысты өз пайымын айтты.

"Әр адам табиғатында бас бармағы секілді бір-біріне ұқсамайтын бөлек жаратылыс. Оның бір бірінен озуы не қалуы - бәйге үшін ғана берілген бағам. Әйтпесе, әркімге өз ерекшелігі жарасады, қабілетті - қарымына қарай қайырады. Бұйырған бақта алалау емес, айна бар. Ол жүректегі кірдің көптігін анық көрсетсе, адымыңның да тұсаулы болатыны содан.

Жалпы, өнер қуған адамда (кісі баласы емес), егер шын тәңірден құйылған талант болса, дауыстың ашықтығы мен әннің әуезділігі басты орында тұрады. Жүректегіні жиып, жүректерге құйып беру үшін әр дыбыс бар болмысыңды бойлап өтіп, жүректің арнасынан төгілуге тиісті. Онсыз бәрі далбаса. Әлгі атақты Пугачеваның "дауысы бар, бірақ жүрегі жоқтарды аяймын?!." деп жүргені содан. Тыңдаушы өскенде орындаушы қайтсе де қамдана береді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141364-zhuregi-zhoqtardy-aiaimyn-roza-alqozha-ozin-inisimen-salystyrgandarga-zhauap-berdi-video/