Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оларды аяй берсең, кейін сені аямайды": Гүлзира Айдарбекова қай келіні өзіне жайлы екенін айтты

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы сыр шертіп, олардың қайсысы өзіне аса жайлы екенін ашып айтты. Қайрат Нұртастың анасы келіндерді барынша көп жұмсап, жағдайын жасай бермеу керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова келіндеріне деген қарым-қатынасы туралы Айнұр Асанбердіге берген сұқбатында айтты. Продюсер келіндерге аяушылық танытпау керек екенін жеткізді. Сөзінше, кейін олар сені аямай кетеді.

"Әр келіннің жақсы жері де, ұнамайтын жері де бар. Ене болған соң, соқыр бола саласың, керең бола саласың. Құдайға шүкір. тіптен жаман жақтары жоқ. Біздің оларға зиянымыз жоқ. Үйлерін азық-түлікпен толтырып қоямыз. Үйге, көліктеріне кететін шығындарын жабамыз. Барынша көмектесеміз. Біздің де дұрыс емес жеріміз бар. Негізі барлық жағдайды жасамау керек екен. Өздеріне тапсыру керек. Менің де кемшілігім көп. Ауылдағы келіндер таң атпай тұрып, тірлік жасайды. Ал біз ұйықтай тұрсыншы деп аяймыз. Көп жұмсалған келін әр нәрсенің қадірін біледі. Ал көп жұмсамай, жағдайын жасай берсең, көп аяй берсең, кейін ол сені аямайды. Қиналмағаннан кейін қиындықтың не екенін білмей қалады екен", - деді Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141382-olardy-aiai-berseng-keiin-seni-aiamaidy-gulzira-aidarbekova-qai-kelini-ozine-zhaily-ekenin-aitty/