Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханадан қашып шықтым": Айдарбекова Қайрат Нұртастың қатты ауырған кезін еске алды

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың қатты сырқаттанып қалған кезін есіне алып, оны өз қолымен қалай емдеп алғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Гүлзира Айдарбекова балалары сырқаттанғанда ауруханаға жатпауға тырысатынын айтты. Продюсер қазақи ем-домды таңдайтынын жасырмады.

"Өмірімде ауруханаға жатып көрмегенмін. Балаларым ауырғанда да жатпадым. Қайрат бір рет қатты ауырып, ауруханаға жаттық. Бір күн болдым да, түнде ауруханадан қашып шықтым. Үстіне қызыл бөртпе шығып кетті. Медицинадан ем қонбады. Содан Нұрекеңе айтып, есек іздеуге шықтық. Талғар жақтан есек табылып, Қайратқа кең жейде кигізіп, етегіне салып жем бердік. Содан есекжем деген сырқатынан құлан-таза айықты. Қазақы ем-домдарды жақсы көремін. Қойдың майымен сылап, ыстық сорпа ішкізіп, балаларымды жазып аламын”, – деді Қайрат Нұртастың анасы Айнұр Асанбердіге берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141532-auruhanadan-qashyp-shyqtym-aidarbekova-qairat-nurtastyng-qatty-auyrgan-kezin-eske-aldy/