Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әсері әлі тарқамады": Ерке Есмахан Франциядағы ерекше суреттерін жариялады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан Франциядағы демалысынан суреттер жариялап, ел назарын өзіне аударды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ерке Есмахан Францияда өткен естен кетпес демалысынан тағы бірқатар суреттерін жариялады. Фотоларда әнші жолдасы Райммен бірге Эйфель мұнарасына қарап тұрғанын көруге болады.

Париждегі күндерін ұмыта алмай жүрген өнер иесі бүгінде сол жақта ел намысын қорғап жатқан спортшыларға сәттілік тіледі.

"Францияның әсері әлі тарқамады. Дәл қазір Парижде олимпиадада біздің спортшылар еліміздің атын шығарып жатыр. Алғашқы алтынымыз бар. Сәттілік тілеймін! Париж биігінде Қазақстан туы желбірей берсін", - деп жазды әнші.

Желідегілер Ерке Есмаханның ерекше суреттеріне тәнті болып, жылы лебізін білдірген.

"Нәзіктік деген сізден кейін бітіп қалған ғой", "Парижде тұру керек сізге. Сіздің қалаңыздай" , "Недеген тәтті жұп", "Көз тимесін, бақытты болыңыздар", Талғамыңыз бөлек. Өте сіндісіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141640-aseri-ali-tarqamady-erke-esmahan-frantsiiadagy-erekshe-suretterin-korsetti/